![]() Байланыс ақпараты Телефон: +7(7172) 57-18-32 E-mail: | ___ | Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы
Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ бас директоры Туған жылы: 1984 жылғы 25 тамыз.
Манкеев Мұхтар 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Инженер» біліктілігін және Оулу университетінде (Финляндия) «Бизнес-әкімшілендіру магистрі» біліктілігін алды. Шетелдік компанияларда «Petrofac International» (Лондон) кен орындарын дамыту инженері ретінде, «Фин Бизнес Хаб» компаниясының директоры ретінде жұмыс тәжірибесіне ие. Сондай - ақ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016 жж.), Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2019-2021 жж.) мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар. «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы болып сайланды (2016-2019жж.). Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқарды - ҚР ИЖТМ «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ технологиялар трансферті департаментінің директоры, «Астана Innovations» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры.
2022 жылғы 01 маусымнан бастап «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ Бас директоры болып тағайындалды. |