Информационно-аналитический центр нефти и газа

Құрылымы

struktura_kaz_1.jpg
     
__
Ақпараттық - талдаулық қамтамасыз ету департаменті

Департаменттің басты мақсаты көмірсутектерді өндіру, геологиялық барлау, тасымалдау және өңдеу кезінде мемлекеттік мониторингті және мұнай-гащ кешені өнімінің көліктік ағындарын басқару кезінде септесу, талдамалық зерттеулер, ахуалдық талдау жүргізу, сондай-ақ мұнай және газ өнеркәсібі бойынша түрлі талдамалық материалдарды дайындау, ақпараттық-талдау өнімдерінің санын арттыру және сапасын жақсарту болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері

- Мұнай-газ кәсіпорындарының диспетчерлік қызметтері арқылы мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс істеуіне тәулік бойы мониторинг жүргізу;
- Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешенін мониторингілеу үшін жедел ақпаратты техникалық жинау және өңдеу;
- Мерзімді (тәулік сайынғы, апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық) ақпараттық-талдау анықтамалық материалдарды құрастыру;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігін (бұдан әрі – Министрлік), Премьер Министрдің Кеңсесін, Президент Әкімшілігін және басқа мемлекеттік органдарды құзыреттеріне сәйкес жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Құзыреттің шегінде коммерциялық ұйымдарға шарт негізінде ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
- Жаңадан құрылған компанияларды қосу және жойылған компанияларды алып тастау арқылы мұнай-газ кешенін мониторингілеу бойынша ақпараттық дерекқорларды жүргізу және өзектендіру;
- Ақпараттық мұрағаттық деректерді жүргізу;
- Қоғамның ақпараттық дерекқорында жиналатын есептік деректер мен мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс істеуіне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін, әлемдік мұнай-газ саласын талдау үшін түрлі дереккөздерден ақпаратты жинау және өңдеу;
- Қоғамның талдамалық өнімдері мен қызметтерінің сатылымын арттыру;
- Қоғам өнімдері мен қызметтерінің сапасы мен сұранысын арттыруды қамтамасыз ету;
- Статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеу және талдау үшін техникалық базаны жетілдіруді қамтамасыз ету.

Толығырак→


Директор
Бердалиев Жомарт Кыстаубаевич
Телефон
8(7172) 57-44-07    
E-mail
berdaliyev_zh@iacng.kz
__
 


     
__
Тәуелсіз сараптама ұйымдастыру департаменті

«Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» Акционерлік қоғамының Тәуелсіз сараптама ұйымдастыру департаменті базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама Операторының функцияларын жүзеге асырады.

Департамент өз құзыреті шеңберінде:

- Тәуелсіз сарапшылардың қызметін ұйымдастырады;
- Құзыретті орган бекіткен талаптарға сәйкес тәуелсіз сарапшылардың біліктілік іріктеуін жүргізеді;
- Келіп түскен базалық жобалау құжатырына немесе әзірлеуді талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін шарттық негізде тәуелсіз сарапшыларды айқындайды;
- Жер қойнауын пайдаланушымен шарт негізінде базалық жобалау құжатырына немесе әзірлеуді талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызмет көрсетеді.

Толығырак→


Директор
Тлеубаев Алишер Асланбекович
Телефон
8(7172) 76-78-71    
E-mail
a.tleubaev@iacng.kz
__
 


     
__
Жергілікті қамту департаменті

Департаменттің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ЭМ) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды оқыту және тарту, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингілеу бойынша сапалы қызметтерді көрсету болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері

- Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингілеу;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингілеу;
- Жасалған шартқа сәйкес, ҚР ЭМ-ге есептердің уақтылы тапсырылуына қол жеткізу;
- Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда жергілікті қамту бойынша сандық міндеттемелерді белгілеу және жергілікті қамту бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша ҚР ЭМ-ге ұсынымдар дайындау.

Толығырак


Директор
Улханов Асылбек Максутович
Телефон
8(7172) 72-89-23      
E-mail
a.ulkhanov@iacng.kz
__
 


     
__
Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті

Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті бухгалтерлік есепті қалыптастыруды, орындау мен жүргізуді жүзеге асырады, жалпы Қоғамның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін жөнге салынған және сенімді қаржы жүйесін қамтамасыз етеді және шаруашылық процестерді басқаруға және түрлі деңгейлерде басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті ұйымның, оның сегменттерінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы сандық және сапалы ақпаратты кезінде қалыптастырады.  

Толығырак→


Директор
Богданова Оксана Анатольевна
Телефон
8(7172) 76-78-65   
E-mail
o.bogdanova@iacng.kz
__
 


     
__
Әкімшілік және құқықтық жұмыс департаменті 

Департаменттің негізгі мақсаты Қоғам қызметінің тоқтаусыз жұмыс істеуін құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету, мемлекеттік (басқа) сатып алуларды ұйымдастыру және уақтылы өткізу, заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің негізінде Қоғамды жылдық сатып алу жоспарында көзделген барлық қажетті тауарлармен, жұмыстармен және көрсетілетін қызметтермен уақтылы қамтамасыз ету, жұмысты әкімшілік-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарттарды жасасу, комплаенс қызмет,  құжат айналымын ұйымдастыру мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (жалғыз акционердің) тапсырмалардың орындалу мерзімдерін бақылауды, олардың жүргізілуін бақылауды және қарау мерзімдерін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.

Толығырак→


Директор
Өстемір Жандос Лесбекұлы
Телефон
8(7172) 57-52-04    
E-mail
ostemir_zh@iacng.kz
__
 

Өтініш бергіңіз келмей ме?

Тегі, Аты
Электронды пошта
Телефон нөмірі
Компания
CAPTCHA
Кодты енгізіңіз