Информационно-аналитический центр нефти и газа

Жаңалықтар

 

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

8 сентября, Сәрсенбі
Nogayev.jpg

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.


«Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымынан босатылсын», делінген құжатта. 

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. 

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған. 

1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы «Гили- Паскер» ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор. 

1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары. 

1996-2006 ж.ж - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да инженер, бас директор. 

2006 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін - «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры. 

2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген. 

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін- облыс әкімінің бірінші орынбасары. 

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі. 

2019 жылдың 18 желтоқсанынан соңғы тағайындауға шейін ҚР Энергетика министрі болып қызмет істеді. 

2010 жылы «Құрмет орденімен марапатталған.


inform.kz https://www.inform.kz/kz/nurlan-nogaev-mangystau-oblysynyn-akimi-bolyp-tagayyndaldy_a3833389


Өтініш бергіңіз келмей ме?

Тегі, Аты
Электронды пошта
Телефон нөмірі
Компания
CAPTCHA
Кодты енгізіңіз